2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі
(2024.27.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 129/15 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 232 909 625 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 208 890 889 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 417 902 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 184 095 мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 416 739 мың теңге;
2) шығындар - 231 131 901 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 631 559 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 631 559 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 149 415 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 1 149 415 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде облыстық бюджетке 156 268 964 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.
3. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінде Павлодар қалалық бюджеттен кенттің, ауылдық округтің және қаланың кейбір ауылдарының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі көзделсін, оның ішінде:
2024 жылға жалпы 1 252 127 мың теңге сомасында:
Ленин кенті - 303 957 мың теңге;
Кенжекөл ауылдық округі - 346 529 мың теңге;