(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ МОНИТОРИНГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы

(2021.20.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.20.12. № 521 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 12 қарашадағы

№ 459 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Білім беру мониторингін жүзеге асыру

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Заң) 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.