Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 3-қосымша) қағидалары (2026.13.09. берілген өзгерістермен)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.27.08. № 413-НҚ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 77 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің

қағидалары

(2026.13.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қызмет тәртібін айқындайды.

2. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар (бұдан әрі - Мектеп-интернаттар) дарынды балалардың мәдениет және өнер негіздерін терең игеруіне бағытталған, элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

3. Мектеп-интернаттар өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.

4. Мектеп-интернаттардың негізгі мақсаты - дарынды балалардың мәдениет, өнер негіздерін терең игеруіне бағытталған, элиталық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мәдениет және өнер саласындағы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.

5. Мектеп-интернаттардың міндеттері:

1) тереңдете білім беруді іске асыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.