Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығы
(2022.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.01.06. № 254 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022.14.07. № 265 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022.22.09. № 95 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің (Алматы қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнің 28237 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнің 68303 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнің 52859 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;