(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРДIҢ АТАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТІ...

Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

міндетін атқарушысының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 304 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.08.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12825 болып тіркелген).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілетін, Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық, қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.