3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген жағдайларда, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген болса, құрылыстың сметалық құны сметалық нормативтік құжаттар қолданыла отырып айқындалады.
4. Құрылыстың сметалық құны жаңа ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды салу және (немесе) бұрыннан барларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жөніндегі жұмыстарды орындауға, сондай-ақ құрылыс объектісін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шарттың ең жоғары бағасын қалыптастыру үшін қолданылады.
5. Құрылыстың сметалық құнын айқындау кезінде пайдаланылған сметалық нормативтік құжаттар құрылыс мердігерлігі шарттарын орындау кезінде қолдануға жатпайды.
6. Құрылыстағы бағаларды (тарифтерді, құнды) мониторингтеу құрылыстағы бағалар (тарифтер, құн) туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру үшін жүргізіледі.
7. Құрылыстың шарттық бағасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
9. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар мыналарды:
1) құрылысқа арналған шығындарды мемлекеттік инвестициялар есебінен жоспарлауды;
2) мемлекеттік инвестициялар есебінен жобалау алдындағы құжаттаманың және құрылыс жобаларының құрамындағы құрылыстың сметалық құнының анықтығын қамтамасыз етуге тиіс.
10. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар мыналарды:
1) қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;
2) құрылыс өндірісінің тиімді технологияларының дамуы ескеріле отырып, құрылыстағы жұмыстарға сметалық нормаларды әзірлеуді;
3) құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына, жабдығына ағымдағы бағаларды мониторингтеу, өңдеу негізінде сметалық нормативтік құжаттарды жаңартуды қамтиды.
45-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары:
1) нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттар;
2) ғимараттар мен құрылысжайлардың үлгілік жобалары мен кәсіпорындардың үлгілік жобалау шешімдері;
3) құрылыс конструкциялары, материалдары, бұйымдары және салааралық қолданыстағы жабдық;
4) жұмыстарды жүргізу технологиялары;
5) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар туралы өзекті мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстарды білдіреді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарының цифрлық ресурстарын әзірлеуді, жүргізуді және жаңартуды құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты жүзеге асырады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ МЕН ҚАДАҒАЛАУЫ
46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
2) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (осы бап үшін бұдан әрі - бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалауы (осы бап үшін бұдан әрі - қадағалау) әкімшілік іс жүргізу қозғамай, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын осы Кодекстің 50-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметі болып табылады.
Мыналар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптары қолданылатын жеке және заңды тұлғалар.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына мыналар жүктеледі:
1) салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген құрылыс объектілерін мониторингтеу;
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзуға жол берген не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қабылдау;
3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік сараптама ұйымдарын және (немесе) сараптама ұйымдарын анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылып жатқан (тұрғызылған) құрылыс объектілері жөнінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беру;
5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы анықтаған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салу қажеттілігі туралы хабар беру.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауынан ақпарат алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салуға міндетті.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы растауы жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын алып тастау үшін негіз болып табылады.
5. Жоспардан тыс тексерулер жүргізуді қоспағанда, осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына жатпайды.
47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталуға тиіс.
Мемлекеттік құрылыс инспекторларының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы төсбелгілері болады.
Мемлекеттік құрылыс инспекторына төсбелгі аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін беріледі.
Мемлекеттік құрылыс инспекторының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруы кезінде оның жұмысына ешкім араласуға құқылы емес.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметіне араласу не қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
4. Мемлекеттік құрылыс инспекторлары:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттар мен талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзу себептерін анықтауға және талдауға;
сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;
құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу сатысына қатысуға міндетті.
48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бақылау және қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті зерделеу және талдау, салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілеріне жүргізілетін мониторинг, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау (түпнұсқаға сәйкес) және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жүргізіледі.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және алдын алу болып табылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының талаптарын орындау мерзімі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) табыс етілгені туралы белгілей отырып, бақылау субъектісінің (объектісінің) өкіліне және (немесе) лауазымды адамына қолма-қол;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы;
3) «цифрлық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен;
4) егер бақылау және қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын бұрын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ұсынған болса, осы субъектінің сол мекенжайына не тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды тиісінше жою қорытындының орындалуы деп танылады.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау мерзімдері бақылау және қадағалау субъектісінің өтініші бойынша бір айға дейінгі мерзімге, бірақ бір реттен асырмай ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте өтініш анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы баптың 5-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен берілуге тиіс.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау анықталған бұзушылықтардың түрі мен сипатына қарай орындалуы мүмкін болуға және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес негізделген болуға тиіс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мерзімдерді ұзарту немесе уәжді негіздемесі бар ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа (қажет болған кезде) бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтардың болуы немесе белгіленген мерзімде олардың жойылмауы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде қалыптастырылады және есепке алынуға жатады.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
12. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
49-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін (бұдан әрі - тексерілетін мемлекеттік органдар) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу қала құрылысы жобаларын әзірлеу мен түзетуді, сапалы құрылысты, құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар беруді қамтамасыз ету, сол сияқты бұрыннан бар құрылыс объектілерін өзгертуді, эскизді (эскиздік жобаны), рұқсаттарды, аккредиттеуді келісуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасының қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау үшін тексерілетін мемлекеттік органдарға (мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектісіне) бару арқылы жоспарлы, жоспардан тыс тексеру (осы бап үшін бұдан әрі - тексеру) және қашықтан бақылау арқылы тексерілетін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
1) растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талабы;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
5) қашықтан бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының анықталған өрескел бұзушылықтары туралы мәліметтер жоспардан тыс тексеру үшін негіздер болып табылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 13), 15), 21) және 23) тармақшаларын, 2-тармағының 9), 10), 12), 19), 21) және 37) тармақшаларын, 29-бабы 1-тармағының 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 2-тармағының 8), 9), 11) және 17) тармақшаларын және 3-тармағының 8), 9), 11) және 20) тармақшаларын бұзу өрескел бұзушылықтар болып табылады;
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жолданымдары жоспардан тыс тексеру үшін негіздер болып табылады.
Жоспардан тыс тексеру анонимді жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.
Нақты тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
4. Жоспарлы тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен жылдық жоспарға сәйкес тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей, жылына бір рет жүргізіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өз интернет-ресурсында, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде жылдық жоспарды орналастырады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған цифрлық жүйесі болған кезде тізім «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде автоматты режимде қалыптастырылады.
5. Тексерілетін мемлекеттік органдарды жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық жоспарларына енгізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар;
2) тексерілетін мемлекеттік органдарды алдыңғы тексерулердің нәтижелері.
6. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі - тексеруді тағайындау туралы акт) негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы мен тұрған жері;
6) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс объектісінің атауы мен тұрған жері (барған жағдайда);
7) тағайындалған тексерудің негізі мен нысанасы;
11) тексерілетін мемлекеттік органның осы бапта көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы.
7. Тексеру үшін келген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша өзгеруі мүмкін.
8. Тексеру мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және: