«Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 180-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 180-НҚ бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 276-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

 Сауда және интеграция министрлігінің

2020 жылғы 24 тамыздағы

№ 180-НҚ бұйрыққа қосымша

 

 

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.