Ақмола облысы аумағында карантиндік режимінің күшін жою туралы және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № А-5/214 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 03-06-117 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында келесі жер телімдерінде залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:
1) Сандықтау ауданы, Белгород ауылдық округі, залалданған ауданы - 386 гектар жатаған у кекіре;
2) Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған у кекіре;
3) Державин қаласы, Жарқайың ауданы, залалданған ауданы - 8,551 гектар арам сояу;
4) Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылдық округі, залалданған ауданы - 70,1 гектар жұпсыз жібек көбелегі.
2. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ А-5/214 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің