«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 24/34 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 16-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесінің құрамынан:
Азамат Мақсотұлы Айманақұмов - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі шығарылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесінің құрамына:
Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ идеологиялық жұмыс бойынша бизнес-серіктесі, саяси ғылымдардың кандидаты енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесі құрамының 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтемісов Шавхат Әнесұлы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Сарапшылық кеңестің төрағасы
2. Марданова Зулейха Жеңісқызы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 24/34 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ
САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
| № р/т | Аты-жөні | Қызметі, ғылыми дәрежесі |