2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
96-бап. Қаржылай емес қолдау
1. Қаржылай емес қолдау жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың жұмыскерлерінің бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруына және еңбек өнімділігін арттыруына мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру, қолайлы және бәсекелес кәсіпкерлік орта құру, кәсіпкерлік бастама мен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқу семинар-тренингтері мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
2) шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру;
3) жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы əдістемелік оқу құралдарын, ақпараттық бюллетеньдерді тарату;
4) кəсіби деңгейде түсіндірмелер, ұсынымдар жəне консультациялардың өзге де нысандарын ұсыну;
5) басқарушылық, қаржылық, заңдық, кадрлық, технологиялық жəне өзге де мəселелерді шешу үшін түрлі сала мамандарынан, оның ішінде тəлімгерлік форматында сараптамалық практикалық көмек көрсету;
6) шетелдік озық технологиялардың трансфертіне жəрдемдесу;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді экспортқа ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;
8) жеке кəсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарды даярлау;
9) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықтың жұмыста пайдалануы үшін талдамалық ақпаратты (анықтамалықтарды, статистикалық жинақтарды, анықтамаларды, ақпараттық хаттарды, есептерді, баяндамаларды жəне өзге де материалдарды) дайындау жəне тарату;
10) жергілікті жəне оқшау ресурстардан алынған тауарларды (өнімді) айқындау жəне оларды ішкі жəне (немесе) сыртқы нарықтарға одан əрі ілгерілетуге жəрдемдесу;
11) кəсіпкерлікті танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
12) кəсіпкерлер, сондай-ақ мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға жəрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
3. Кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган қаржылай емес қолдауды жүзеге асыру мақсатында өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
1) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауға бағытталған мемлекеттік жəне өзге де бағдарламалар жəне олардың іске асырылуы туралы;
2) экономикалық қызмет түрлері бойынша сыныптай отырып, жеке кəсіпкерлік субъектілерінің саны туралы;
3) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымын құратын ұйымдар туралы, осындай ұйымдардың жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халыққа қолдау көрсету шарттары мен тəртібі туралы;
4) жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай жəне қаржылай емес қолдау шаралары туралы;
5) кəсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға жəне жеке кəсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына жүргізілген талдау нəтижелері туралы;
6) жеке кəсіпкерліктің дамуы мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобалары туралы;
7) жеке кəсіпкерлік субъектілерін дамытуға жəне кəсіпкерлік бастамасы бар халыққа қажетті, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де ақпаратты орналастырады.
4. Мемлекеттік қаржылай емес қолдау тəртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кəсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) жəне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды тиісті салалардың уəкілетті органдары кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
5. Жеке кəсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың əртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тəртібін, нысандарын жəне оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 97-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 97-бап өзгертілді
97-бап. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау
Жеке кəсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді қоса алғанда, жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықтың жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсініледі.
Жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кəсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымына кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, бизнес-инкубаторлар және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 97-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
97-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мəліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.
2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
3. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жəне өзге де мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.
4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін дамытуды, қолдап отыруды жəне оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.
98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласында:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;
3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;
4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар өндіретін өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;
9) бәсекелестiктi дамытуға және инновацияларға, материалдық активтерге инвестицияларды, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлейдi;
10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;
13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қолданады;
15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;
16) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды;
19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;
20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;
21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
22) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласында:
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындайды;
4) 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ұлттық экономиканың, оның ішінде оның өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
99-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастырады;
2-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;
2-4) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады;
2-5) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-6) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-7) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу жəне жаңарту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-8) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді жəне оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді;
4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамыту инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
6) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді;
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
8) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) Бизнестің цифрлық картасын əзірлеу жөніндегі əдістемені əзірлейді жəне бекітеді;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
12) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 100-бап өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
100-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асырады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды
100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инновациялық және технологиялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі;
4) 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
5) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) цифрлық трансформация және Индустрия 4.0-ді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
10) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
101-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласында білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтуды реттеуді үйлестіруді жүзеге асырады;
4) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
102-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) тергеп-тексеру жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;