Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 шешімі
(2023.02.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023.18.04. № 31 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017.29.09. X сессиясының № 223 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2019.28.02. № 396 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.04. № 529 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.21.06. № 207 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2023.18.04. № 31 шешімімен (2023 ж. 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының № 84 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар
тізбесі