Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1440 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
2013 жылғы __ тамыз
Ә.Б. Жанәбілова
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 275 бұйрығымен бекітілген
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі
үшін ақы төлеу туралы
қағидасы
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1440 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1440 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің осы қағидасы «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.