«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 406 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды
Құрылымдық және кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Е. Сағадиев |
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 406 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 325 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің
өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
құрамы