«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 104 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін жедел іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жасырын ынтымақтастық түрінде Мемлекеттік шекараны қорғауға адамдарды тарту Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.