Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығы
(2025.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.22.09. № 380 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023.27.12. № 165 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.22.09. № 380 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бекiтiлсiн:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандары.