Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына
3-қосымша
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу
қағидалары
(2025.16.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.30.06. № 293 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi