Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы
инвесторлармен келісім-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық
беру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 14
сәуірдегі № 01/7 бұйрығы
(ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасының
22.05.00 ж. № 01/31; 23.08.00 ж. № 0-1/117; ҚР СІМ Инвестициялар
жөніндегікомитеті төрағасының 02.04.01 ж. № 25-П; 18.07.01 ж. № 69-П;
12.09.01 ж. № 104-П; 18.11.01 ж. № 127/1-П; ҚР Индустрия және сауда
министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 09.12.02 ж.
№ 240-П бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды
ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 02.04.01 ж. № 25-П бұйрығымен мәтін бойнша cөздер ауыстырылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктермен пұрсаттылық беру Ережесін бекіту туралы" 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 Жарлығын орындау үшiн жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасының 22.05.00 ж. № 01/31 бұйрығымен; ҚР Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 09.12.02 ж. № 240-П бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлген:
1) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келісім-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң мөлшерi мен тәртібі туралы" нұсқау (Қосымша 1);
2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлар мен келісім-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық алуға арналған Өтiнiмнiң нысаны бекітілсін (Қосымша 2).
3) 2004 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы ең маңызды өндiрiстер тiзбесi (3 Қосымша).