Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 11 сәуірдегі № 487 қаулысы (ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж.
№ 17; 15.05.03 ж. № 461; 20.03.04 ж. № 364; 06.09.04 ж. № 936 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) жоспарда көзделген іс-шараларды тиiсiнше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігіне (қаржы полициясы) ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың орындалу барысы туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуы туралы жиынтық ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президентi баяндамасының жобасын ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 сәуірдегі
№ 487 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 17 қаулысымен жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.05.03 ж. № 461 қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 06.09.04 ж. № 936 (бұр. ред. қара) жоспар өзгертілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
2001-2002 жылдар