Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысына
өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы № 461 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгерiс енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 мамырдағы
№ 461 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 11 сәуірдегі
№ 487 қаулысымен
бекiтілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
2001-2002 жылдар