Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 5 шілдедегі № 921 қаулысы (ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 871 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 5 шілдедегі № 921 қаулысы (ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж.
№ 871 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 871 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін және жылына 2 рет, 30 маусымға және 31 желтоқсанға, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.

ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 871 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі жылына 2 рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 871 қаулысымен жоспар жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 ж. 5 шілдедегі

№ 921 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың

2001-2002 жылдaрға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру

жөніндегі iс-шаралар жоспары