Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 921 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 871 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 921 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 871 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 921 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 2-тармақта "есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей," деген сөздер "жылына 2 рет, 30 маусымға және 31 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-тармақта "есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей," деген сөздер "жылына 2 рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2002 жылғы 5 тамыздағы

№ 871 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 ж. 5 шілдедегі

№ 921 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың

2001-2002 жылдaрға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру

жөніндегі iс-шаралар жоспары