Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 ақпанда № 71 бұйрығы (ҚР Қаржы министрінің 2004.01.12. № 424 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 ақпанда № 71 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 2004.01.12. № 424 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Қаржы министрінің 2006.16.08. № 304 бұйрығымен күші жойылды

 

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi № 239 бұйрығында:

көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі нұсқаулықта:

нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасымен" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-қосымшада:

1 - Қазынашылық рұқсаты нысанын толтыру тәртібінде:

төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"- 1-бағанда он белгiден тұратын бюджеттік сыныптама коды: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 3 сан, кiшi бағдарлама - 3 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан (Қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, мемлекеттік ақпараттық "Баск-М" жүйесiнде (бұдан әрi - "Баск-М" жүйесi) жұмыс iстейтiн министрлiктер мен ведомстволарды қоспағанда), бұлармен бюджеттік сыныптама коды "Баск-М" жүйесiнде қолданылатын және он белгiден тұратын Бюджеттік сыныптама анықтамалығының шифрларына сәйкес көрсетiледi: мекеме - 3 сан, бағдарлама - 2 сан, кiшi бағдарлама - 2 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiгi - 3 сан, бұлар бойынша шығыстар жүргiзу рұқсат етiлген;";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.