Тарих пен мәдениет объектілеріне қатысты кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 379 қаулысы (күші жойылды)

Тарих пен мәдениет объектiлерiне қатысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 379 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен  күші жойылды

 

Жекелеген тарих пен мәдениет объектiлерiнiң тарихи-мәдени құндылықтарының жойылуына байланысты және Алматы, Қарағанды қалаларының және Павлодар облысы әкiмшiлiктерiнiң өтiнiштерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақ CCP-iнiң республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi туралы" Қазақ CCP-i Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 (Қазақ ССР-інің ҚЖ-ы, 1982 ж., № 5, 23-бап) қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттік тiзiмiнде:

"Қарағанды облысы" деген бөлiмiнде:

"В.И. Ленин ескерткiшi, Қарағанды қаласы, өнер

1925 ж., мүсiншiлер Октябрьдiң

Ю.В.Гуммель, 50-жылдығы

Н.Л. Лавинский, алаңы

сәулетшiлер С.И. Мордвинцев,

И.Н.Былинкин, Э.И.Ефанов "

деген жол алынып тасталсын.

2. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласы және Павлодар облысы әкімдерінің жергiлiктi маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен жекелеген тарих пен мәдениет ескерткiштерiн шығарып тастау туралы ұсыныстарына келісім берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 21 сәуірдегі

№ 379 қаулысына

қосымша

Жергіліктi маңызы бар ескерткiштер тiзiмiнен шығарылуға тиiстi,

тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесi