Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік
маңызды объектілерді қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 маусымдағы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 маусымдағы № 580 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен:
1) Жамбыл облысының әкіміне жер сілкінісі нәтижесінде зардап шеккен объектілерді қаржыландыру үшін, зілзала аймағынан басқа елді мекендерге көшірілетін азаматтар үшін тұрғын үйлер сатып алуға және салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржыландырылатын объектілер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына әрі жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой стансасындағы Уақытша ұстау изоляторы бар жол ішкі істер бөлімінің ғимаратын бұзып, құрылысын салуға және оның жобалау-сметалық құжатын әзірлеуді қаржыландыруға 93 957 660 (тоқсан үш миллион тоғыз жүз елу жеті мың алты жүз алпыс) теңге бөлінсін.
2. "Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызды объектілерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 маусымдағы № 540 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақта:
"2003 жылғы 15 шілдеге" деген сөздер "2003 жылғы 25 тамызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. 2004 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен құрылысын салу жоспарланып, мақұлданған Іс-шаралар жоспарына сәйкес объектілерді қаржыландыру мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік өтімдер енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі жүргізілуі жоспарланып, мақұлданған Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржыландырылатын құрылыс және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша тапсырушы болып анықталған мемлекеттік органдар екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті шешім жобаларын енгізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының