Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1176 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң және Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi өкiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1176 қаулысы


Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 25 қарашадағы № 1176 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күші жойылған

кейбір шешімдерiнiң және Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi күшi жойылған өкiмдерiнiң

Тізбесі

1. "Дүниежүзiлiк Банктiң зейнетақы реформасын қолдауға арналған Бағдарламалық Займы бойынша iс-шараларды iске асыру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 932 қаулысы.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегі № 932 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы № 1962 қаулысы.

3. "Оңтүстiк Қазақстан облысында жәрдемақыларды төлеу мәселелерi бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 518 қаулысы.

4. "Жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлерiн, аудандық коэффициенттердi белгiлеу бұрын 1992 жылға дейiн, 1992-1994 жылдары, 1994 жыл - 1996 жылғы шiлде кезеңiнде тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу мәселелерiн қарау жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 наурыздағы № 282 қаулысы.

5. "Зейнеткерлiк жасы алдындағы жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтiк қорғаудың қосымша нысандары туралы ұсыныстарды әзiрлеу жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 299 қаулысы.

6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Зейнетақы жүйесi тұжырымдамасының жобасын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 1997 жылғы 30 қаңтардағы № 16 өкімі.

7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Жалақы төлеу жөніндегі берешекке талдау жасау үшiн жұмыс тобын құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы № 189 өкімі.

8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 189 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 13 өкімі.

9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау үшiн жұмыс тобын құру туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы № 76 өкімі.

10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" 2001 жылғы 28 тамыздағы № 70 өкімі.

11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Еңбек заңнамасын жетілдiруге бағытталған ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 2 өкімі.

12. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешенi жанында орналасқан аудандарда тұратын азаматтарды әлеуметтiк қолдауды айқындау мәселесiн қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 25 ақпандағы № 10 өкімі.

13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Азаматтық қызмет туралы" заң жобасы бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 6 мамырдағы № 41 өкімі.

14. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкiндiгi туралы ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 7 маусымдағы № 70 өкімі.

15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 207 өкімі.

16. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы 2002 жылғы 26 наурыздағы № 19 өкімі.

17. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Ынтымақты зейнетақы жүйесiн жетiлдiру жөнiнде жұмыс тобын құру туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы № 82 өкімі.