Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 12 ақпандағы № 170 қаулысы
(2015.08.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 588 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 12 ақпандағы
№ 170 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне
енгізiлетiн өзгерістер
1. «Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 387-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесi осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.08.09. № 754 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 12 ақпандағы
№ 170 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 21 тамыздағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi
қолданылатын лизинг заттарының тізбесi