Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың
ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21
сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығы
(ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің
2005.19.05. № 02-01-02/65 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.24.03. № 02-01-02/49 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005.19.05. № 02-01-02/65 бұйрығымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005.19.05. № 02-01-02/65 бұйрығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеуден өткізу ережесі
2) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеу бағдарламасы.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуда үміткерлердің компьютерлік тестіленуі үшін екі апталық мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі
№ 02-01-02/44 бұйрығымен
Бекітілген