«Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/49 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/49 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

1) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;

2) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы.

2. «Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімі Мемлекеттік тізбесінде № 2828 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы № 38 «Заң» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 19 мамырдағы № 02-01-02/65 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

З. Тұрысбеков

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2006 жылғы 24 наурыздағы

02-01-02/49 бұйрығымен

бекітілген

 

Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр

резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу

жөніндегі тестілеу бағдарламасы

 

Осы бағдарлама тестің екі түріне: логикалық ойлауға және Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тағайындалады.

1. Логикалық ойлауға тест сандық және текстік түрден тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.