ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 20 ҚАҢТАРДАҒЫ № 88 ҚАУЛЫСЫ

"Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.

2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:

1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң

2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-158-жолмен толықтырылсын:

 "470-158 "Ғылым" ғылыми-баспа
 орталығы Алматы қаласы".

2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):

1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.

ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды

3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде "Басқа ұйымдар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 51-жол алынып тасталсын.

4. "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-9-жолмен толықтырылсын:

"157-9. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы".