Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын
белгілеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж.
13 ақпандағы N 31-ө бұйрығы
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.04.02 ж.
N 78-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж. 23 қазандағы N 246-п бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгiлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 2 "Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
4. Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек департаментiнiң директоры (Әбдiқалықова) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарына осы бұйрықтың жетуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр М.Х. Өтеулинаға жүктелсiн.
| Министр | Қарағұсова Г.Ж. |
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң
2002 жылғы 13 ақпандағы
N 31-ө бұйрығымен
бекiтiлген
Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының)
жиынтық табысын анықтаудың
ЕРЕЖЕСI