(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 15 СӘУРДЕГІ № 429 ҚАУЛЫСЫ

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 23 сәуірдегі N 459 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:

1) аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;

2) балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;

3) өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары.

2. "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулi алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 14 қазандағы N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 36, 329-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:

5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Жануарларды аулағаны үшiн төлем ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi, бiр дарағы үшiн теңгемен:

арқар - 900000;

үстiрт арқары - 500000;

қарақұйрық - 38000".

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2002 жылғы 15 сәуiрдегi

N 429 қаулысымен

бекiтiлген

Аңшылық объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн

пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары

 ---------------------------------------------------------------------------
 Р/с! Жабайы жануарлардың түрлерi ! Төлем ставкалары,
 N ! ! бiр дарағы үшiн теңгемен

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.