(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.09.02 Ж. № 1001 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық

бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі N 1001 қаулысы



Осы редакция ҚР Үкіметінің 24.04.03 ж. N 396 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгізiлсiн.

3. "Қазақстан Республикасының 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қыркүйектегi N 1197 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 13 қыркүйектегі

N 1001 қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған

республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері

 Атауы 
 Есеп 2001 жыл 
 Бағалау 2002 жыл 
 Болжам 
2003 жыл 
2004 жыл
 2005 жыл 
Түсімдер 1 млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 474,6 14,4 
 550,4 14,7 
 621,6 15,0 
 689,3 14,9 
 759,5 14,8 
Кірістер 1 млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 378,2 11,5 
 490,6 13,1 
 552,8 13,3 
 617,0 13,4 
 687,7 13,4 
Салық түсімдері млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 313,4 9,5 
 435,9 11,6 
 496,7 12,0 
 555,6 12,0 
 619,9 12,1 
Салыққа жатпайтын түсімдер млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 58,5 1,8 
 48,2 1,3 
 49,7 1,2 
 54,8 1,2 
 60,9 1,2 
Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер 1 млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 6,2 0,2 
 6,5 0,2 
 6,5 0,2 
 6,7 0,1 
 6,9 0,1 
Алынған ресми трансферттер млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 84,2 2,6 
 49,1 1,3 
 57,6 1,4 
 63,1 1,4 
 63,1 1,2 
Кредиттерді қайтару млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 12,2 0,4 
 10,7 0,3 
 11,1 0,3 
 9,2 0,2 
 8,8 0,2 
Шығыстар млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 502,5 15,3 
 605,9 16,2 
 704,4 17,0 
 776,9 16,8 
 857,2 16,7 
Тапшылық млрд. теңгемен ЖІӨ-ге %-пен 
 -27,9 -0,8 
 -55,5 -1,5 
 -82,8 -2,0 
 -87,6 -1,9 
 -97,7 -1,9 

Анықтамалық:

ЖІӨ, млрд. теңге 3285 3742 4142 4612 5140
өткен жылға %-пен 113,2 107 106 106,2 106,6
Тауарлардың экспорты
(ФОБ), млн. АҚШ долл. 9120 9143 9103 9965 10941
ЖІӨ-ге %-пен 40,9 36,0 32,4 31,8 31,3
Тауарлардың импорты
(ФОБ), млн. АҚШ долл. 8224 7830 8460 9110 9750
ЖІӨ-ге %-пен 36,9 30,8 30,1 29,1 27,9
Тұтыну бағасының
индексі %-пен
жылына орташа 108,4 105,8 105,9 105,4 105,0
АҚШ долларына теңге
бағамы жылына орташа 146,7 154,8 161,0 166,5 170,9
Мұнайға дүниежүзілік
баға (BRENT қоспасы),
әр баррель үшін
АҚШ доллары 24,4 23 21,2 21 22

Ескерту:

1 - бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері сияқты бюджет тапшылығы есебінің жаңа әдіснамасы бойынша ескерілетін республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдерді алып тастай отырып