Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiту туралы Қазақстан
Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15
мамырдағы N 210 бұйрығы
Осы редакция ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 24.12.03 ж. N 579 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 48, 49-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктeлcін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Төраға | Б. Сапарбаев |
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен
бекітілген
Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi және нысаны
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 47, 48-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша:
1) Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар Номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес жiктелуiне;
2) кеден құнын анықтаудың әдiстемесiн қолдануға;
3) тауарлардың шыққан елiн анықтау әдiстемесiн қолдануға қатысты алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрлендi.
2. Кеден бекеттерi мен Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бақылау өткiзу пункттерiн қоспағанда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және аумақтық кеден органдары (бұдан әрi кеден органдары) алдын ала шешiм қабылдайды.
2. Алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi