Все сервисы
Anyqtama
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
|
| Бектұров Азат Ғаббасұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
|
| Мағауов Әсет Маратұлы
| - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
|
| Оразаев Марат Әбілахатұлы
| - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
|
| Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Жарқынбаев Жасер Әзімханұлы
| - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
| Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
| Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары, |
Редакция документа
Демо – версия документа