28-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты.
Қауымдасқан кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу
ТТК-3, ТТК-20 ; ТТК-33 түсіндірмелерді қара
Осы стандарт 1990 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
1998 жылғы шілдеде 28-ХБЕС-ның 23 және 24-параграфтары (1994 жылғы редакциясында) 36-«Активтердің құнсыздануы» ХБЕС-ына сәйкес келтіру үшін қайта қаралды.
1998 жылғы желтоқсанда 25-«Инвестицияларды есепке алу» ХБЕС-ына сілтемелер 39-ХБЕС-ына сілтемелермен ауыстырылуы үшін 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» ХБЕС-ның 7, 12 және 14-параграфтарына өзгерістер енгізілді.
1999 жылдың наурызында 10-«Шаруашылық қызметінің шартты фактілері және баланс күнінен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-ына сілтемелерді 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-ына ауыстыру мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы терминологияны 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХБЕС-ына сәйкес келтіру мақсатында осы стандарттың 26-параграфына өзгерістер енгізілді.
2000 жылғы қазанда осы стандарттың 10-параграфы алынып тасталды, ал басқа да тиісті Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының сондай параграфтарына сәйкес келтіру мақсатында 8-параграфқа өзгерістер енгізілді. 8-параграфтағы өзгертулер және 10-параграфтың алынып тасталуы кәсіпорынның 39-ХБЕС-ын алғашқы қолданған сәтінен бастап күшіне енеді.
ТТК-нің мынадай түсіндірмелерінің 28-ХБЕС-ына қатысы бар:
- 3-ТТК «Қауымдасқан кәсіпорындармен операциялар бойынша іске асырылмаған пайдалар мен залалдарды шығарып тастау»;
- 20-ТТК «Үлесті қатысу әдісі - залалдарды мойындау»;
- 33-ТТК «Шоғырландыру және үлесті қатысу әдісі - дауыстың әлеуетті құқықтары және иеленушілердің үлестерін бөлу».
Мазмұны
28-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Қауымдасқан кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу
Қолданылу саласы
Анықтамалар
Елеулі ықпал
Үлесті қатысу әдісі
Нақты шығындар бойынша есепке алу әдісі
Шоғырландырылған қаржы есептілігі
Инвестордың жеке қаржы есептілігі