Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 Бұйрығы
(2013.27.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2013.27.09. № 229 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекітілсін.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012.09.04. № 29 бұйрығымен салалық жүйе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
Бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеудiң
салалық жүйесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2013.27.09. № 229 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Көтермелеу) әзірленген.
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерiнiң еңбегiн ынталандыру нысаны болып табылады.