Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі
(2008.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2008 жылға арналған республикалык бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.01. № 3587 (бұр.ред.қара); 2008.11.04. № 86 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 59888238,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2492338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 25863,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 57370037,8 мың теңге;
2) шығындар - 60177119,1 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -288880,3 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 436000,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 636000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 200000,0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 69800,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 69800,0 мың теңге.
6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 794680,3 мың теңге.
2. Облыстық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;
облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар;
облыстық маңызы бар жалпы пайдалануға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланғаны үшін төлем;
жергілікті маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;