Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі
(2008.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2008 жылға арналған республикалык бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.01. № 3587 (бұр.ред.қара); 2008.11.04. № 86 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда; Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.07. № 107 шешімімен шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 60556421,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2696862,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 221012,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 327,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 57638220,8 мың теңге;
2) шығындар - 60593659,1 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -37237,3 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 689000,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 836000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 147000,0 мың теңге;
5) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 68443,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 69800,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1357,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 794680,3 мың теңге.
Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.07. № 107 шешімімен шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аудандар және қалалар бюджеттеріне облыстық бюджетке аударылатын кірістерден басқа 100 пайыз көлеміндегі кірістер аударылатыны белгіленсін:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;