Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 15-92 шешімі
(2009.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 23 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8 - бабына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2009.11.02. № 17-107 шешімімен (бұр.ред.қара); Алматы облыстық мәслихатының 2009.21.04 № 18-116 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.20.05. № 19-126 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, төмендегі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер - 132661968 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15875071 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 47813 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 10000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша -116729084 мың теңге, оның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 10429903 мың теңге;
аудандық (қалалық) бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару - 12261 мың теңге
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы -106286920 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 25357942 мың теңге, оның ішінде:
білім беруге - 1624686 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 6054509 мың теңге;
әлеуметтік көмекке -687603 мың теңге;
мемлекеттік білім беру тапсыры негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім
алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға - 88603 мың теңге;
елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін - 75745 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 6871217 мың теңге;
автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге - 1033884 мың теңге;