2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/5 шешімі
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облысы мәслихатының 2008 жылдың 13 желтоқсандағы № 4С-11-5 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.03.03. № С-21/5 (бұр.ред.қара);Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.30.03. № С-22/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № С-24/5 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) табыстар - 8 580 907,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 859 627 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 90 119 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 446 895 мың теңге;
трансферттік түсімдер -3 184 266,9 мың теңге.
2) шығындар -9 105 511,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -153 905 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелерді өтеу - 153 905 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -66 030,2 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін алу -66 030,2 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық - -436 728,8 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру - 436 728,8 мың теңге:
қарыздардың түсімі -502 195 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 142 000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары -76 533,8 мың теңге.