Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығы
(2009.05.02. . берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігінің 2005.15.04. № 136-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.05.02 № 30-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігінің 2005.15.04. № 136-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (М.А. Дәрібаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;