Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 Қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.12. № 1548 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1650 Қаулысымен стратегиялық жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, елдің экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Пайымдау. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану әрі экономиканың түрлі саласының жергілікті жердің және мемлекеттік топонимиканың қазіргі жағдайына сәйкес келетін геодезиялық және картографиялық өнімдерге қажеттілігін толық қанағаттандыру.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1766 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бөлім. Жерді пайдалану мен қорғаудың, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі
мен дамыту үрдісінің талдауы
1. 1-стратегиялық бағыт. «Жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру».