Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө Бұйрығы
(2010.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.10.09. № 312-ө Бұйрығын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 24-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 10-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.30.07. № 240-ө Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі;
2) Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі;
3) Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі
3-1) Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі;
3-2) Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.02. № 24-ө бұйрығымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)