Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы
келiсiм
(Алматы қ., 1997 жылы 10 маусымда)
(2007.27.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінiң 1998 жылғы 22 қыркүйектегі № 930 Қаулысымен бекітілді
1998 жылғы 7 қазанда күшіне енді
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі,
мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды бұдан әрi дамыту, олардың азаматтарының жол жүрулерiн құқықтық реттеу мақсаттарында
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша визасыз, осы мемлекеттегi iс жүзiндегi болу және тiркелу ережелерiн сақтай отырып, осы Келісімге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар бойынша келуге, кетуге және жол жүруге құқықтары бар.
Тараптар мемлекеттерi азаматтарының жол жүрулерi Қазақстан Республикасы және Әзiрбайжан Республикасы мемлекеттік шекараларындағы өткізу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
2-бап
Тараптардың үшiншi мемлекеттер аумағында тұрғылықты тұратын азаматтары визасыз осы Келісімге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттар бойынша келе, кете және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жол жүре алады.
3-бап
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын шетелге шығуға және үшiншi мемлекеттерге келуге күшi бар құжаттар бойынша үшiншi мемлекеттерге мемлекеттік шекарадағы халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашық өткізу пункттерi арқылы өткізуге мiндеттенедi.
Тараптар кетулерi Тараптардың кез келгенiнiң құзыреттi органдарымен шектелген азаматтардың өз мемлекеттерi аумақтарынан үшiншi мемлекеттерге кетулерiн болдырмау шараларын қабылдайды.
Тараптар бiр-бiрiн азаматтардың өзара жол жүрулерiнiң тәртібі мен режимi туралы үшiншi елдермен іс жүзiндегi келісімдерi туралы ақпараттандырып отырады.
4-бап
Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiн жеке басын және азаматтығын куәландыратын жаңа құжаттар туралы кешiктiрмей хабардар етiп және олардың үлгiлерiн жолдап, сондай-ақ осы Келісімге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттарға қатысты өзгерістер туралы мәлiмдеп отырады.
5-бап
Егер бұл мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшiн қажет болса, Тараптардың әрқайсысының осы Келісімнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толығымен немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
Тараптар осындай шараларды қабылдау туралы және болдырмау туралы 30 күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне мәлiмдеуге тиiс.
6-бап
Тараптардың осы Келісім ережелерiн немесе Тараптар мемлекеттерi аумағында болу және тiркелу ережелерiн бұзған азаматтары Тараптардың заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетке қайтарылуы тиiс.
Болу ережелерiн бiрнеше рет бұзулар Тараптардың iз жүзiндегi заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеуi мүмкiн.
7-бап
Тараптар қажет болған жағдайда осы Келісімнiң ережелерiн қолдануға байланысты мәселелер бойынша ақпараттармен алмаса және кеңесе алатын болады.
Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады.
8-бап
Осы Келісім оның күшiне енуi үшiн қажет тиiстi iшкi мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша ноталар алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келісім бес жыл мерзiмге жасалды. Егер Тараптардың ешқайсысы осы Келісімнiң қолданыс мерзiмiнiң аяқталуынан алты ай бұрын оның тоқтағаны туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде мәлiмдемесе, оның қолданысы келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылатын болады.
1997 жылы 10 маусымда Алматы қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келісімдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары пайда болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегi мәтiндi басшылыққа алады.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн | Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі үшiн |
2007 ж. 27 ақпандағы Хаттамамен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының
визасыз жол жүрулерi туралы келісімге
I Қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының Әзірбайжан Республикасының аумағына келу, одан кету, транзитпен жол жүру,
онда болу және жүріп-тұру құжаттарының
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
2. Қызметтік паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазба немесе одан үзінді көшірме болған кезде теңізшінің жеке басын куәландыратын құжат).
5. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Қазақстан Республикасына қайту үшін).
2007 ж. 27 ақпандағы Хаттамамен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасы мен
Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының
визасыз жол жүрулерi туралы келісімге
2 Қосымша
Әзірбайжан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келу, одан кету, транзитпен
жол жүру, онда болу және жүріп-тұру құжаттарының
тізбесi
1. Жалпы азаматтық паспорт.
2. Қызметтік паспорт.
3. Дипломаттық паспорт.
4. Теңізшінің кітапшасы (кеме журналында жазба немесе одан үзінді көшірме болған кезде теңізшінің жеке басын куәландыратын құжат).
5. Әзірбайжан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Әзірбайжан Республикасына қайту үшін).