Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін көтермелеу түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақтарды беру қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте пайдалану
қағидасы