2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI шешiмi
(2021.08.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021.16.03. № 3/10-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.27.04. № 6/26-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.26.07. № 10/54-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.08.10. № 13/66-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Арыс қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 17 038 438 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 2 391 562 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 635 264 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 75 086 мың теңге;
трансферттер түсiмi -13 936 526 мың теңге;
2) шығындар - 17 043 380 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 19 835 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 26 253 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 418 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -1620:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1620;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 23 157 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 23 157 мың теңге.
қарыздар түсімі - 26 253 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 418 мың теңге;