Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 бұйрығы
(2016.29.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 169 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016.29.11. № 281 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;