Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXXII сессиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 шешiмi
(2021.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2021.19.02. № 24 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021.31.05. № 51 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс Х сессиясының 2021.27.08. № 82 шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 876 552 754 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 675 344 159 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 734 111 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 25 764 764 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 165 709 720 мың теңге;
2) шығындар - 951 495 728,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 19 705 052 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 540 835 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 37 909 804 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -132 188 861,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) - 132 188 861,4 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: