2020-2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешімі
(2020.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 11 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2020.11.02. № 301-56/3 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 134 115,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 181 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 137 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 129 797 мың теңге;
2) шығындар - 135 269,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 154,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 154,6 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0.
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 154,6 мың теңге.
2. Қалалық бюджеттен Ақжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2020 жылға - 85 324 мың теңге, 2021 жылға - 86 140 мың теңге, 2022 жылға - 86 831 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2020 жылға арналған Ақжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.