Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Ресцубликасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 750 қаулысымен
бекітілген